AS_015

Тұранғы

«Тұранғы» — қазақ даласының қасиетті ағашы, жер мен көктің, ер мен әйел бастамасының, өткен мен болашақтың арасындағы үйлесімділіктің символы. Оның ерекше табиғаты — қанды қызыл түсті шырынында және жапырақтарының пішінінде көрініс табады: үстіңгі жапырақтары — ұсақ әрі домалақ, ал төменгілері — ірілеу, үшкір ұшты сопақша. Ең ғажабы — жел болмаса да, ағаш өзі тербеле бастайды. Сол сәтте алыстан естілетін қоңыраудың сылдырына ұқсас нәзік үн шығады.

Менің жұмысымда Тұранғы — табиғи символ, ол табиғатқа деген құрметті, дәстүрдің қуатын және адамның жермен терең байланысын бейнелейді. Бұл ғажайып ағаш өмірге ұқыптылықпен қарауды, тыныштық пен тепе-теңдікті үйретеді. Осы ағаш арқылы ата-бабаның үні естіледі, олардың даналығы жеткізіледі: тіршілікке сүйіспеншілікпен және құрметпен қарағанда ғана халықтың жаны мен ұрпақтың күші сақталады.

«Тұранғы» 2025ж. Холст акрил. Көлемі 90-100 қызыл ағаш

AS_028

Көлеңкемен әңгіме

«Көлеңкемен әңгіме» Холст, акрил. Көлемі 100-110

Бұл картина — адам мен робот туралы. Мұндағы робот — жай ғана жасанды интеллект емес, адамның көлеңкесі, оның жалғасы. Екеуінің арасында сөз жоқ — тағдыр телепатия арқылы беріледі. Адам бара алмайтын жолға робот аттанады. Бұл — ауысу, мұрагерлік және өз ішіңдегі бір бөлігің сенсіз де өмір сүріп, әрекет ете алатынын мойындау туралы оқиға.